Құрманғазыда спортшылар слеті өтті

(0 Votes)

2023-2024 оқу жылында ауданның оқушылары облыстық ұлттық мектеп лига және облыстық ХІІ гимназиада ойындарына қатысты.

Спорттың 12 түрінен мектеп лига ойындары және 10 түрінен ХІІ облыстық оқушылар гимназиадасы өтіп, ауданнан 800-дей оқушы қатысып, нәтижесінде облыстық мектеп лига ойындарында 5-6 сынып арасында І орынға, 7-8 сынып арасында ІІ орынға, ал 9-11 сынып арасында І орынға ие болса, облыстық оқушылар ХІІ гимназиадасында 13-15 жас аралығында – ІІ орыннан, 16-18 жас аралығында - ІІ орыннан көрінді. Ұлттық мектеп лига барысында 11 мектеп оқушылары республикалық жарыстарға жолдама алды. Сонымен қатар осы оқу жылында мектеп ұстаздары облыстық мұғалімдер спартакиадасына қатысып, нәтижесінде жалпыкомандалық есепте жүлделі І орынға ие болып, ауданның ұстаздары облыстық команданың құрамында республикалық жарыста бақтарын сынап, жоғары нәтиже көрсетті. 2023 жылы Құрманғазы ауданы облыста бұқаралық-спорттық және әскери-патриоттық бағытта «Үздік аудан» номинациясына ие болды.

Осыған орай, Сафон ауылындағы Қадыр Мырза Әлі мектебінде «Додада топ жарған дүлдүлдер» атты VI аудандық спортшылар слеті өтіп, спорттық додалардың дарабоздарына құрмет көрсетілді. Алдымен аудан әкімі Абат Жанғалиев шараға жиналғандарды спорт мерекесімен құттықтап, республикалық, облыстық жарыстардың бірнеше рет жеңімпаз болған оқушылардың ата-аналары мен жас спортшыларға алғыс хатын табыстады.

Келесі кезекте сахна төріне көтерілген аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева өзінің алғыс хатымен 2023-2024 оқу жылында республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда оқушыларды дайындап үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және жаттықтырушы атағына ие болған бір топ ұстаз бен аталмыш жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Атырау облысы білім беру басқармасы балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-пратикалық орталығының маманы Алтын Ғабитқызы слеттің маңыздылығына тоқталып, облыс намысын республикада қорғап жүрген ауданымыздың спортшы ұстаздарын мақтанышпен айтып, аудандық балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының жұмысын айрықша атап өтті. Атырау облысы білім беру басқармасы балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-пратикалық орталығының алғыс хатымен бір топ жүлдегерлерді ұлығылады.

Ауданымызда әскери-патриоттық сайыстары ұйымдастырылып оқушылар үздік нәтижелерге қол жеткізіп, облыстық, ресбуликалық деңгейдегі жарыстарға қатысып келеді. Онда бақтарын сынаған 600-дей оқушы облыстық сайыстың жеңімпазы атанды. 2023-2024 оқу жылында респуликалық «Алау», «Жас ұлан», «Айбын» сайыстарына аудан оқушылары жолдама алып отыр. Әскери-патриоттық тәрбие бойынша ауданымыз 6 жыл қатарынан облыс жеңімпазы болып келеді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор Ернар Мұхамбетқалиев мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары мен оқушыларына бөлімнің алғыс хатын ұсынды.

Одан әрі марапаттау легін аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының міндетін атқараушы Алмас Мұқашев, аудандық кәсіподақ үйымының төрағасы Әуез Изжанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров жалғастырды.

Бұқаралық-спорттық жұмыстары бойынша сертификатпен және аудандық кәсіподақ комитетінің сыйлығымен Абай, Б.Бегалиев, Н.Манаев, Ы.Алтынсарин, Ғ.Мүсірепов, Д.Нұрпейсова атындағы жалпы орта мектептерінің директорлары Жамал Хасанова, Сандуғаш Капуова, Рафхат Мукушев, Алтын Каменова, Сабыржан Жұпарғалиев, Гүлжан Амирова ұлығаланса, әскери-патриоттық жұмыстары бойынша сертификатпен және аудандық кәсіподақ комитетінің сыйлығымен Қ.Мырза Әлі, С.Имашев, С.Мұқанов, Ю.Гагарин, Ақкөл жалпы орта мектептерінің директорлары Шұға Мукашева, Ұштап Габдуллаева, Күнсулу Сүйнова, Гауһар Нұғманова, Арай Қаржауова марапатталды. Шарада Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебінің хореаграфия мамандығының «Наз» бишілер тобы, Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ақылбек Сабуров өнер көрсетті.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT