Құрманғазыда "Спорт күні" аталып өтті

(0 Votes)
С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде спорт күніне орай «Біздің спортшылар – біздің мақтанышымыз» атты  салтанатты шара өтті. Оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат  Бөлеков қатысып, құттықтау тілегін білдірді. 

- Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, мықты мемлекеттің негізі — дені сау ұлт. Бұқаралық спортты дамытудың басты бір құндылығы, міне, осында жатыр. Қазіргі таңда халықаралық, республикалық, облыстық дүбірлі жарыстарда топ жарып, әрдайым биіктерден көрініп келе жатқан аудан спортшыларымен біз әрқашан мақтанамыз. Алған асуларыңыздан шығар шыңдарыңыз биік болып, Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін! Спортты өркендету, спортшыларға жан-жақты қолдау жасау мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да  жалғасын табады – дей келе, Қайрат Қуандықұлы саланың дамуына өзіндік үлесін қосқан бір топ ардагерлерге облыстық спорт басқармасының алғыс хатын табыстады. Осындай марапат үздік жаттықтырушылар мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне, әлемдік деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жүеңімпаздары атанған спортшылардың ата-аналарына ұсынылды. Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық олимпиадада жеңіс тұғырынан көрініп, Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған республикалық спартакиадаға қатысқан мемлекеттік қызметшілер Шынболат Мусин, Арман Құмарғалиев, Асет Тоқтаров, Еркінбек Әдебиетов, Алмас Мұқашев, Нұрлан Мұратов, Гүлмира Рахметова, Гүлнара Кумарова, Әділбек Мұфтахов, Жігер Жанханов облыстық спорт басқармасы басшысының алғыс хатына ие болды. Алматы қаласында жасөспірімдер арасында өткен кіші аяқ добынан Қазақстан чемпионатында ІІ орынды жеңіп алған спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді. 
 
Ауданның Құрметті азаматы, ардагер спортшы Мадат Сәрсекеев мерекелік лебізін білдіріп, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, «Amanat» партиясы аудандық филиалдың төрағасы Ерлан Хисметуллин марапаттар легін жалғастырды. Салтанатты шара соңы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.
 
Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT