Құрманғазыда Шекарашылар күні атап өтілді

(0 Votes)

Шекарашылар күніне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Шегенделген шекара – ұлттық қауіпсіздік кепілі» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

 Алдымен еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін аудан әкімі Абат Жанғалиев ел іргесінің ажырамауына себепкер болып, қоғамның тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған шекарашыларды төл мерекелерімен құттықтап: - Қай елдің болмасын мемлекет екенін айқындайтын оның шекарасы екені анық. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұланғайыр аумақты қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей ұрпаққа мирас етті. Еліміз мемлекеттік шекараны заң жүзінде белгілеп, халықаралық қауымдастық алдында мойындатты. Қазақстан Республикасының шекара қызметі өзінің қалыптасу және күрделі даму жолынан өтті. Кірпік қақпай ел тыныштығын күзететін шекарашылардың еңбегі зор, жауапкершіліктері жоғары – дей келе, Абат Сайфоллаұлы бірқатар әскери қызметкерді түрлі марапаттармен ұлығылады. 

Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева еліміздің қауіпсіздігін күзету жолында еңбек етіп жүрген жандарды марапаттады. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ел тыныштығына өмірін арнаған шекарашыларымыздың мерейі қашан да үстем болсын!

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT