«Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Құрманғазы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 5-ші қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай "Тіл - руханият өзегі" тақырыбында "Quiz" интеллектуалды ойыны өткізілді.
Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығын арттыру мақсатында өткен ойынға Құрманғазы аудандық қорғаныс істер бөлімінің қызметкерлерінен "Айбын", Құрманғазы шекара бөлімшесінің сарбаздарынан "Ұшқын", Құрманғазы ауылдық округінің мамандарынан "Достық" және С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің жастарының қатысуымен "Эверест", "Мәдениет" топтары жарысқа түсіп, "Ғажайып қазақ-тілі", "Ең-ең", "Фото сұрақтар", "Рас немесе өтірік", "Кино тур", " Тұлғалар", "Тәуекел" кезеңдері бойынша өзара сынға түсті. Сайыс қорытындысымен әділқазылар алқасының ұйғаруымен Құрманғазы аудандық қорғаныс істер бөлімінің қызметкерлерінен құралған "Айбын" тобы жеңімпаз атанса, "Мәдениет" тобы 2-ші, "Достық" тобы 3-ші орынды иеленіп, "Эверест", "Ұшқын" топтары алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.
Айнагүл Шакупова