Республика күніне орайластырылып Құрманғазы ауылының Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының бойына салынған «PromGaz» жанар-жағар май құю бекеті ашылуы өтті.
Жаңа нысан жолаушыларға өте қолайлы кемпинг негізінде салынуымен ерекшеленеді. Бірнеше қызмет көрсету нысандарын біріктірген кешенде шағын маркет, хостел, дәмхана, кофехана, басқа қызмет орындары жұмыс жасайды. Бекеттің жаңа заманауи жабдықталған колонкаларында бір мезетте 12 көлікке жанар-жағар май құю қызметін пайдалана алады. Газ және дизель отынымен жүретін көліктерге қызмет көрсетеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 67 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.
Жаңа нысанның ашылу салтанатында ауданн әкімі Абат Жанғалиев, «PromGaz» компаниясының бірінші басшысы Рустам Халиқназаров, Құрманғазы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмақай Ғұмаров құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсімін жасады.
Айбек НӘЖІМОВ