Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Елім деп соғар жүрегім…” атты аудандық патриоттық әндер байқауы өтті. Оған барлығы 11 үміткер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Еңбекші ауылдық округінен Нұреденов Жандос иеленсе,
I орын Кудряшов ауылдық округінен Сагидоллаева Райханға,
II орын Бөкейхан ауылдық округінен Саясат Миланаға тиісті.
III орынды Құрманғазы аграрлы - техникалық колледжінен Сахиев Нұрсұлтан, Дыңғызыл ауылдық округінен Амангелдиева Диамара місе тұтты.
Мақаш, Жаңаталап, Ақкөл, Теңіз, Орлы, Нұржау ауылдық округтерінен келген қатысушылар алғыс хатпен ұлығыланды.