Құрманғазыда Отан қорғаушылар күні аталып өтті

(0 Votes)
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай құрманғазылықтар аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңына жиналып, елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты лед экран арқылы тікелей эфирде тамашалады.  Әскери шеру мазмұндық тұрғыдан екі бөліктен тұрды, яғни тарихи және заманауи бағыттарды қамтыды. Тарихи бөлігінде Жеңістің 80 жылдығында аға буын батырларымыздың ерлігіне құрмет көрсетілсе, заманауи бөлігінде Тәуелсіз Қазақстан армиясының бүгінгі күш айбыны паш етілді. Салтанатты іс-шараға Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрлерінен 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника мен қару-жарақ, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы жұмылдырылған. Оның ішінде бұған дейінгі парадтарда болмаған зенитті зымыран кешендері, роботтың көмегімен жүретін су жаңа әскери техниканы тамашалау мүмкіндігі болды.

Бұдан кейін мерекеге орай «Отан – оттан да ыстық» атты салтанатты жиын жалғасын тапты. Құрметті қарауыл маршпен сахнадан табылғаннан кейін еліміздің Әнұраны орындалды. 

-  Отан қорғаушылар күні – бұл мереке тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін ерекше маңызға ие.
Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі. 
Тәуелсіз еліміздің офицерлері мен сарбаздары мемлекетіміздің тыныштығы мен қорғау жолында адал қызмет атқарып жүр. Жаңа ғана Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында Мемлекет басшысы — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты тамашаладық, - деді құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Абат Жанғалиев.

Салтанатты жиын С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты. Онда патриоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды. 

Айнагүл Шакупова
 
 
 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT