Құрманғазыда мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне бар жағдай жасалған

(0 Votes)

Құрманғазыда мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне бар жағдай жасалған Референдумға қатысуға құқығы бар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны – 620, кресло-арбаны пайдаланатындар – 59, зағиптар және нашар көретіндер – 439, саңыраулар мен саңырау-мылқаулар – 122.

Аудан бойынша референдум учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беруге арналған пунктті жарақтандыру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, референдум учаскелерінің барлығы бірінші қабатта орналасқан, ғимаратқа кіреберісте пандустар бар және референдум учаскелері тексерілген кезде құрылыс нормалары мен ережесіне сай екенін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бұрыш жасақталып, компьютер, сондай-ақ зағиптар, нашар көретіндер мен нашар еститіндер үшін арнайы құлаққаптар, үстелі бар жасырын дауыс беруге арналған кабина, қосымша жарақтандыру құралдары және өзге де жабдықтармен мерзімінде қамтамасыз етіледі.

Одан бөлек референдум учаскелерінде автокөлікке арналған тұрақтар бар және дауыс беру күні арнайы мекемеден үш инватаксимен референдум комиссияларына жәрдем көрсетіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT