Білім беру үдерісінде жаратылыстану математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың сыни тұжырымдауы мен зерттеушілік дағдыларын дамыту, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу, педагогтердің практикалық білімдерін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау мақсатында “Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыни тұжырымдау мен зерттеушілік дағдыларын дамытудағы табысты тәжірибе” тақырыбында Жылыой, Индер, Махамбет және Құрманғазы аудандарының жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерінің мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу бағытында облыстық семинар ұйымдастырылды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Ғарипұлы семинар қатысушыларына қош келдіңін айтып, оның жұмысына сәттілік тіледі.
Облыстық семинарда химия пәні мұғалімдері “Химия-тіршілік әлемі”, биология-география пәні мұғалімдері ”Жаратылыстың қос құпиясы”, математика пәні мұғалімдері “Сандық қатынастар мен кеңістіктегі пішіндер” және физика-информатика пәні мұғалімдері “Цифрлы ғалам: білім мен ғылым” секцияларына бөлініп жұмыс жасады. Жылыой, Индер, Құрманғазы және Махамбет аудандары бойынша 30 спикер секциялық жұмыста шеберлік сыныптарын өткізсе, химия-биология, география және физика-информатика, математика пәндері бойынша 90 мұғалім өзара тәжірибе алмасты.
Облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының әдіскері Мұратов Нұрлан Насихатұлы семинар жұмысын қорытындылап, спикерлерге облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының Алғыс хаттарын табыстады.
Айнагүл Шакупова