Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы № 532 Жарлығына сәйкес «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында Құрманғазы аудандық орталық кітапханасында өткен салтанатты шарада мемлекеттік қызметке алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің АНТ беру салтанатты рәсімі өтті.
Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Урах Тахмина Сабыржанқызы және Бөкейхан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Темірболатова Айдана Хайрлықызы мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына сәйкес салтанатты түрде ант қабылдады.
Атап өту қажет, сынақ мерзімін сәтті өткерген мемлекеттік қызметшілер ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант береді. Мемлекеттік қызметшіге азамат алдындағы ең қиын сынақ халыққа қызметіне сәттілік тілейміз.
М.Жігерұлы,
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы