Құрманғазыда медицина мұражайы ашылды

(0 Votes)

Аудандық ауруханада тұңғыш рет өңірдің денсаулық сақтау саласының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне арналған медицина мұражайының ашылу салтанаты өтті.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов құттықтау сөз сөйлеп, музей ашуға бастамашы болған аудандық аурухананың директоры Саида Зулкашеваға алғысын білдірді. Академик жазушы Өмірзақ Қажымғалиев бірегей мұражайдың құнды жәдігерлері келушілердің үлкен қызығушылығын тудыратынына сенім білдіріп, өңіріміздегі денсаулық сақтау саласының алғашқы ұйымдастырушыларының бірі Мәжит Шомбаловтың құжаттарын тапсырды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, сала ардагері Сағидолла Кулов ақжарма тілектерін білдіріп, мұражайдың жұмысына сәттілік тіледі.  

Салтанатты лента қию рәсімі өлкетанушы Өімрзақ Қажымғалиев пен сала ардагері Рахметолла Нысановқа ұсынылды. Өңір медицинасының осындай тағылымды тарихында отандық медицинаға бүгінгі заманғы технологиялар мен құрал-жабдықтар енгізілуінің және диагностикалық тәсілдер мен емдеудің соңғы жетістіктерінің алатын орны қомақты. Бұл жөнінде мұражайдан да мол мағлұматтар алуға болады. Сонымен бірге мұнда тұрғындарды медициналық тұрғыдан қамту ісінің жыл өткен сайын жетілдіріліп келе жатқанын айғақтайтын деректер мен дәйектер де жеткілікті.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT