2024 жылдың 13 маусым күні аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Қалиев Нұрлыбек Ғәділханұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қалиева Гүлжаннат Ғаділханқызы қатысып, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттау рәсімін жасады.
Аудандық аурухана директоры Зулкашева Саида Уақапқызы да ортаға шығып, бейнебаяндама жасап, бірқатар қызметте жетістікке жеткен әріптестерін ұлығылады.
Шара барысында аудан өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.