ҚҰРМАНҒАЗЫДА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ 65 ПАЙЫЗЫ ДАЙЫН

(0 Votes)

Қазақта «Қылышын сүйретіп қыс келеді» деген сөз бар. Бұл халқымыздың қай кезде де сақтанып отыратынын көрсетсе керек.

Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын біздің ауданда қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда. Мал азығы – ертеңгі ел азығы болғандықтан мал жемінің жайы қандай? Қыста қиналмас үшін қандай дайындық шаралары жүргізілуде? 

Осы тұрғыдағы мәселені білуді жөн санап, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Булеков, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Асқар Мұфтахпен Теңіз, Нұржау ауылдарының шаруа қожалықтарымен жүздесті.

Теңіз ауылдық округіндегі «Жакупов Т» шаруа қожалық иесі Темірболат Жакупов биылғы жауын-шашынның аз болуы, өр суының көп келмеуі сынды қиындықтарға қарамастан тәулігіне шабындықтан 200-ге жуық шөп орып, дайындап отырғанын мәлімдеді. 

Иелігінде 10 бірлік техникасы бар шаруагер қазіргі таңда өңірдегі төл ұстап отырған тұрғындарға қысқы мал азығын даярлап, жеткізіп беруде. 

Ал, ауданға аты танымал «Алғаяз» шаруа қожалық иесі Серік Алғаязовтың айтуынша, биылғы қысқы мал азығын дайындауға мығым кіріскен. Қожалық иелері шабындыққа шалғыны жаз ортасында салған. Қазіргі таңда, аудан орталығы, ауылдық округтерге дайын мал азығын шығынсыз жеткізуде. Шаруагерге тиесілі шабындық жер 270 га, қосалқы 100 га бар.

Еңбектің қарақазанын қайнатып жатқан шаруагерлермен жүздесуде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қуандықұлы алдымен мал азығының сапасын арттыру өте маңызды мәселе екенін айтып, олардың осынша жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Жалпы аудан бойынша биыл 170 мың тонна қысқы мал азығы дайындалу жоспарланған болса, қазіргі кезде жоспар 65 пайызға орындалды. Науқан жалғасуда.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT