Құрманғазыда «Ұлттық кітап күні” аталып өтті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі биылғы жылы тұңғыш рет аталып өткелі жатқан “Ұлттық кітап күні” мерекесіне орай 16-23 сәуір аралығында әр күннің тақырыптық айдары берілген кітап апталығын өткізуді ұсынған болатын.

Осыған орай Құрманғазы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен “Кітап -мәңгілік елдің құндылығы” атты мерекелік шара өткізілді. Шара аясында кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерден “Жаңа кітап-жаңа әлем” кітап көрмесі, “Оқы және басқаға сыйла” буккроссинг, “Мен-оқырманмын” фотокөрмесі,  “Бояулар сыры“ көрмесі, “Қош келдің оқырман” жаңа оқырмандарды тіркеу бұрышы және “Өз өлкеңді тани біл” сұрақтар қойылып кітапханамыздан кітап сыйға берілді. Сонымен қатар бүгінгі күні талант иелерінің әр өлеңінен шабыт алып, қанаттанып жүрген поэзия сүйер қауымға “Өлеңмен өрілген өмір” тақырыбындағы поэзия сағаты ұйымдастырылды.

Шара барысында оқырмандар өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін оқыды.

Ұлттық әдебиет ұлықталар ерекше мерекеге бірге қатысайық. Қазынаның кілті-кітапта, білім бұлағынан бірге сусындатайық!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT