С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Құрылысшылар мерекесіне орай “Құрметтейік, құрылысшыдай қауымды” салтанатты жиыны ұйымдастырылды. Мерекеге орай аудан әкімі Жанғалиев Абат Сайфоллаұлы құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапат табыстады.
Сонымен қатар, Аудандық маслихат төрағасы Қалиева Гүлжаннат Ғаділханқызы, “AMANAT” партиясының Құрманғазы аудандық филиалы төрағасы Хисметтуллин Ерлан Уалитханұлы және сала ардагері, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы Матыбаев Мәлік Мәйтенұлы марапаттау рәсімін жасады.
Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.