ҚҰРМАНҒАЗЫДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 сәуіріндегі № 524 Жарлығына сәйкес ауданымыздан 6 көп балалы аналар «Күміс алқамен» марапатталды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы ауданымыздың көпбалалы аналарын құттықтап, «Күміс алқа» табыстады.

Шарада аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы аналарға арнап өз тілегін жеткізіп: “Отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің болашағын тәрбиелеп, өсіріп отырған сіздер, аяулы аналар. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін,”-деді

Күміс алқа иегерлері:

«Күміс алқа»- Байтақова Жадыра Айтназарқызы, Еңбекші ауылдық округінің тұрғыны;

«Күміс алқа» - Қанатова Гүлжан Едильбайқызы, Еңбекші ауылдық округінің тұрғыны;

«Күміс алқа» - Гарабаева Жадыра Қалбекқызы, Еңбекші ауылдық округінің тұрғыны;

«Күміс алқа» - Абулхайрова Нұргүл Бақтығалиқызы, Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны;

«Күміс алқа» - Султанова Жанылсын Жанболатқызы, Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны;

«Күміс алқа» - Шапиханова Мейрамгүл Берікқызы, Кудряшов ауылдық округінің тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT