Құрманғазыда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын құрылады

(0 Votes)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (мемлекеттік кәсіпорын) құру туралы мүддесін білдіруін сұрату
 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» № 103 бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігімен «Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құруы жоспарлануда.

Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың осындай кәсіпорынды құру бойынша қызығушылық білдірген жағдайда, 2025 жылға 17 наурызға дейін Атырау облысы, Құрманғазы ауданы әкімдігіне, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көшекбаев көшесі, 2 үй (2 қабат) мекен-жайына ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз.
Байланыс үшін:  (871233-21555, 871233-20199).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT