Құрманғазыда «Көктем-2024» оқу-жаттығуы өтті

(0 Votes)

Ауданымызда көктемгі өр суы тасқынының алдын алу, оларды жою, жағадағы қорғаныс бөгеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпті жағдайда жұмылдырылатын техникалардың дайындығын тексеру мақсатында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы оқу-жаттығуы өткізілді.

Басты мақсаты – азаматтық қорғаныс жүйесі күштері мен техникалық құралдарының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын пысықтау. Шортанбай ауылдық округі «Жеңіс 40 жылы» көшесінің бойында орналасқан ашық алаңда болған шараға 14 азаматтық қорғау қызметінің жеке құрамы мен техникасы сап түзеп,  аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ахат Ахбалиннің аудан әкімінің орынбасары-аудандық азаматтық қорғау бастығының орынбасары Марат Хасановқа оқу-жаттығуға күштер мен құралдарының жоғары дайындыққа келтірілгені туралы рапортымен басталды. Одан әрі саптағылардың атқаратын қызметі, жұмылдырылатын адам саны, құрал-жабдықтары, техника бірлігі тексерілді.

Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде жергілікті атқарушы органдарға бағынысты азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару бойынша іс-қимылдар және өзара іс-қимылдар үйлесімділігін жетілдіру қажеттігін айтып, әрбір құрылым өздеріне тиісті жұмыстарды шұғыл үйлестіруге дайын болу қажеттілігі де саптағылардың қаперіне берілді.

Саптық дайындық аяқталғаннан соң мекемелер оқу-жаттығудың практикалық бөліміне кірісті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521