Құрманғазыда енелер мен келіндер байқауы өтті

(0 Votes)

Қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күніне орай "ТАТУ-ТӘТТІ" енелер мен келіндер байқауы өтті. Тартысты да, қызықты өткен  байқауға 6 ене мен келін қатысты.

Байқаудың нақты  кезеңдері болмағанымен, арнайы сценарийге негізделіп, әдемі қорытындыланды. Қатысушы енелер мен келіндер таныстырылған соң, оларға өзара қарым- қатынастары, бір-бірін қаншалықты білетіндігін анықтау үшін сұрақтар ұсынылды. Ол сұрақтарға қатысушылар әдемі әуеннің сүйемелдеуімен отырып, жазбаша жауап берді. Содан соң келіндерге сол жерден самса тағамын пісіріп, дайындау тапсырылды. Ал енелер келіндердің тағамы дайын болғанша жүргізушімен әдемі әңгіме-дүкен құрды. Содан соң енелер мен келіндерге арналған ойындарға кезек келді. Бірінші ойында салмақ келіндерге түсіп, құлаққап киген келіндер енелерінің жасырған сөзін табуы керек болса, екінші ойында жүк енелерге артылып, көзі байлаулы енелер өз келіндерін іздеп тапты. Көрермендер мен қатысушыларды күлкіге қарық қылған бұл ойындардың мақсаты ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты етене екенін сездірді. Бұдан кейін енелер келіндердің дайындаған самсасынан дәм татып, баға беріп, өз келіндерінің тағамын дәмінен  табуға тырысты. 

Қорытынды шешім бойынша жоғары бағаларға ие болған Ақкөл ауылдық округінен келген Катя Қуанғалиева мен келіні  Жанна Ырысова БАС ЖҮЛДЕНІ иемденді.

І ОРЫН  Мақаш ауылдық округінен Нұрзия Достанова мен келіні Ақмарал Ихсановаға, ІІ ОРЫН - Құрманғазы ауылдық округінен Сандуған Қыдыршаева мен келіні Жаңылсын Ермекқызы, Дыңғызыл ауылдық округінен Алмагүл Габдуллина мен келіні Ұлдана Ермекқызына бұйырса, ІІІ ОРЫНды Теңіз ауылдық округінен Куляра Зинеденқызы мен келіні Изимова Анар, Орлы ауылдық округінен Зүлпина Аржуова мен Әсемгүл Ерғалиева қанағат тұтты.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT