Құрманғазыда балықшылар күні аталып өтті

(0 Votes)

Балықшылардың кәсіби мерекесіне орай С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Су маржанын игергендер» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Тіршілігі кәрі Каспий және ару Қиғашпен тығыз байланысқан құрманғазылықтар үшін бұл мерекенің маңызы зор. Осы өңірдің ата кәсібі саналатын балық шаруашылығы бүгінгі күні жаңа деңгейде қарқынды дамуда.

Мерекелік шарада аудан әкімі Абат Жанғалиев атаулы күнімен құттықтап, бұл саланың аудан экономикасына тигізер әсері жоғары екенін атап өтті.

– Бүгінгі күні балық шаруашылығы өңір экономикасында өзіндік орны бар маңыздылығы жоғалмаған ата кәсібіміз ғана емес, береке-байлығымыз болып отыр. Күннің ыстығы мен суығына қарамай балық шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген балықшыларға құрмет көрсету біз үшін міндет. Сіздердің жүйелі жұмыстарыңыздың нәтижесінде өңірімізде балық шаруашылығы одан әрі қанат жайып, жаңа белестерге шығады деп сенемін, – деген аудан басшысы облыс әкімінің Алғыс хатын «Каспий-Балық» ӨК балықшысы Икрам Құмаровқа, «Тілекші» ЖШС механигі Серік Төлегеновке, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Алғыс хатын «Каспий-Таңы» ӨК балықшылары Есенбек Дануовке, Нұрбек Құспановқа, «Тілекші» ЖШС балықшысы Тимур Аманғалиевке табыстады. Сондай-ақ, өзінің Алғыс хатымен бір топ айдын ерлерін, сала ардагерлерін марапаттады. Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Хисметуллин кәсіби мереке иелерін қызу құттықтап, бірқатар су маржанын тереңнен терген еңбек озаттарын Алғыс хаттарымен ұлығылады.

Мерекелік кеште ауданға белгілі өнепаздар Гүлзада Тілегенқызы, Толыбай Қажыгереев, Жандос Нұриденов, Аманжан Халықов, Қадіржан Қапсихов, Алтынбек Биғалиев әсем әннен шашу шашып, шараның шырайын келтірді.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521