Құрманғазыда Азия чемпионы ұлықталды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі алдында күні кешелері ғана Азия чемпионатынан жеңімпаз болып оралған жерлесіміз Мансур Амантайды ұлықтау рәсімі өтті.

Аудан әкімі Абат Жанғалиев  чемпион ұлан, оның жаттықтырушысына, ата-әжесіне, әке-шешесіне құттықтау тілегін білдірді. Сондай-ақ, аудан жұртшылығы атынан тұлпар мінгізді. Мансурды бокс үйірмесіне қолынан жетектеп әкеліп, жекпе жектің әліппесіне үйреткен бапкері Тұрарбек Уахитовқа 100 мың теңгелік сертификат табыстады.

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Әдебиет Ердешовке Балғын боксшылар жаттығатын зал үшін бокс қапшығын тарту етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT