Құрманғазы аудандық Аналар кеңесі жоспарына сай аудандық орталықтандырылған кітапханада 2025 жылғы кеңестің бірінші отырысы болып өтті.
Кеңес жұмысына аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ажигереев Мерей Есенгелдіұлы, облыстық мәслихат депутаты, аудандық Отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы Карсакова Замзагүл Оңдасынқызы, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мусина Анар Нуриқызы, аудандық "Серпер" газетінің бас редакторы Шакупова Айнагүл Күнұзаққызы, аудандық Мансап орталығының бас маманы Утеуліұлы Базарбай, аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Рахметоллаева Эльвира Аянқызы, аудандық Аналар кеңесі мүшелері мен округтердің аналар кеңестері төрайымдары, Аналар кеңесі жанындағы түрлі клубтардың жетекшілері мен мүшелері қатысты. "Аудандағы қоғамдық ұйымдардың орны мен жұмыс бағыттары туралы", "Әйел - аналарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдердегі 2025 жылғы өзгерістер туралы", "Құрманғазы ауданында құрылған Отбасын қолдау орталығы жұмысы", 2025 жыл - жұмысшы мамандықтары жылы. Әрбір жұмысшы мамандығы - еліміздің экономикасы мен дамуының негізі" тақырытарында баяндамалар мен аудандық Аналар кеңесінің жұмыс жоспарымен кеңес төрайымы Хасенова Балғаным Хасенқызы таныстырып талқылауға ұсынды.
Шара соңында кері байланыс болды. Ұсыныстар қабылданды.