Құрманғазыда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері марапатталды

фото: Құрманғазы Аудандық Әкімдігінен
(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімі Абат Жанғалиев «Алтын алқа» және «Күміс алқаға» лайықты көпбалалы аналарды қабылдап, арнайы марапаттады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

– Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер. Сіздер еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбеюі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, – деген аудан басшысы аналарға салтанатты түрде алқаларын табыстады.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері:

«Алтын алқа» - Қабдолова Тлекші Хибатқызы, Жаңаталап ауылдық округінің тұрғыны;

«Күміс алқа» - Жантлеуова Айдана Орынбасарқызы, Теңіз ауылдық округі тұрғыны;

«Күміс алқа» - Фазылова Гүлфайруз Болатқызы, Құрманғазы ауылдық округі тұрғыны;

«Күміс алқа» - Үмбеталиева Айнагүл Мерекеқызы, Бірлік ауылдық округі тұрғыны;

«Күміс алқа» - Рахимова Жанар Асылбекқызы, Ақкөл ауылдық округі тұрғыны;

«Күміс алқа » - Утенова Саулетті Василийқызы, Бөкейхан ауылдық округі тұрғыны.

Айта кетелік, қазіргі таңда аудан бойынша 506 «Алтын алқа», 707 «Күміс алқа» иегерлері бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT