Ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында Құрманғазы ауданының 95 жылдығы торқалы тойы өтуде.
Той салтанаты кеше «Қасиетіңнен айналдым, Құрманғазым!» атты батыс аймақтық ақындар айтысымен басталса, бүгінгі күні алқалаған әлеумет Лягушкин елді мекеніндегі «Қазанат» атшабар алаңына ағылды.
Мұнда бүгін ұлттық ат спорты түрлерінен үлкен жарыс өтеді.