Құрманғазы өнімі – Елордада

(0 Votes)

Өткен аптада қыркүйек айының 21-22-сі  күндері Астана қаласында республикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. Қалыптасқан дәстүрге сай жыл сайын өтетін Атырау облысы тауар өндірушілерінің бұл жәрмеңкесінде  жергілікті  халыққа азық-түлік пен отандық ауыл шаруашылығы өнімдері  төмендетілген бағамен ұсынылады.  

Жәрмеңкеге ат арытып барған ауданымыздың табиғат пайдаланушылары  "Каспий-Балық", «Каспий-Таңы"  өндірістік кооперативтері, "Ш.Сүйлейменов", "Тілекші" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен  "Хафизов С" жеке кәсіпкерлігінің  16 тонна балық және балық өнімдеріне сұраныс  жоғары болды.

Облыс көлеміндегі бес ауданнан жеткізілген  сазан, кефаль, шортан, жайын, көксерке балығы және балықтан жасалған өнімдер еліміздің бас қаласы тұрғындары мен шаһар қонақтары арасында жақсы өтті.

Аудан делегациясын  бастап барған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Бөлеков пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Нұрлыбек Төлеповтің, табиғат пайдаланушылардың еңбектері ақталды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT