Құрманғазы балық инспекциясына жаңа ғимарат берілді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  вице-министрі  Аманғали Бердалин Кудряшов ауылдық округінде Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Заманауи талаптарға сай толық жабдықталған модульдік ғимарат пен авто және су көліктеріне арналған құрылысқа жергілікті бюджеттен 160 млн. теңге қаражат бөлінген. Ғимарат асхана, жатын бөлмесі, ихтиолог отыратын орын, душ және басқаларымен қамтылған. 

Ашылу салтанатында балық инспекциясы саласының ардагері Ғарифолла Жұмақашев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Аманғали Бердалин құттықтау сөз сөйледі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Бисенғалиұлы символикалық кілтті аудандық балық инспекциясының бастығы Бақытты Есбергеновке табыстады. Нысан алдына керілген лента қиылғаннан соң лауазым иелері ғимарат ішін аралап шықты.

Аталған инспекцияда 10 адам жұмыс жасайды. Вице-министр Аманғали Бисенбайұлы облыстық балық инспекциясы бастығының орынбасары Нұрболат Қаратекеевпен әңгімесінде аудандық балық инспекциясының материалдық-техникалық базасын жақсарта түсу үшін бірқатар тапсырмалар берді және Атырау облысында бұған дейін екі рет болғанын айтып, оның орындалысын келесі келгенде тексеретінін ескертті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT