Ұлттық домбыра күні — қазақ халқының рухани мұрасын, дәстүрлі өнерін ұлықтайтын маңызды мереке.
"Құрманғазы" БПҰ-на қарасты Д.Нұрпейісова өнер мектебі, Дәулеткерей музыка мектебі, Т.Ахметжанов атындағы халық қазақ ұлт-аспаптар оркестрі ұжымдары мен мәдениет қызметкерлері "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында аудан орталығында орналасқан Ұлы күйші Құрманғазы бабамыздың бьюстіне гүл шоқтарын қойды.