Құрманғазы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

(0 Votes)
Құрманғазы ауылдық округінің әкімі лауазымына 2024 жылғы 25 ақпанда өткен сайлау қорытындысымен Муса Абдуррахман Рахметұлы сайланды.
 
Муса Абдуррахман Рахметұлы 1977 жылы 25 желтоқсанда Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Атырау инженерлік гуманитарлық институтын экономика және 2018 жылы Х.Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тарихшы мамандықтары бойынша бітірген.
 
Еңбек жолында "Жасұлан" лагері жанындағы жас натуралистер станциясында үйірме жетекшісі, мұғалім болып бастаған.
 
1999-2008 жылдары аудандық мешітте имам, бас имам қызметтері және М.Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс жасады.
 
2008-2010 жылдары Орлы селолық округінің әкімі қызметін атқарды.
 
2010-2020 жылдары аудан әкімінің орынбасары және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымдық қызметтерде болды.
 
2020 жылдың 20 наурызынан бастап Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округ әкімінің қызметін атқаруда.
 
Құрманғазы ауданының әкімі А.Жанғалиев сайланған әкімді аппарат мәжілісінде таныстырып, жоспарлы жұмыс жасауды жүктеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT