Ана – әлемнің шамшырағы, адамзат атаулының жан шуағы. «Ана керек, о, адамдар, Ана керек адамға!» деп жырлады емес пе, ақиық ақынымыз Төлеген Айбергенов.
Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Жер бетіндегі жеке-дара қорғаның да, аласармас қалың орманың да – асыл Анаң, демекші Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Муса Абдуррахман Рахметұлы жаңа босанған әйелдерге де мерекелік көңіл күй сыйлады, сый-сияпат ұсынып, құттықтау хатын табыстады. “Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бөленіп жатырған қуаныштарыңыз құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін! Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиідің бауы берік болсын, ата - анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер адамына айналсын! ”- деген тілек айтты.