Құрманғазы ауылдық округінде тозығы жеткен электр бағаналары жаңартылуда

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округінде инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстардың бірі – электр желілерін жаңарту жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған жоба аясында округтегі Өркениет, Жасұлан, Шаттық, Нұрлы, Керуен және Жерұйық көшелеріндегі тозығы жеткен электр бағаналары мен желілері кезең-кезеңімен толықтай ауыстырылып жатыр. Жобаны іске асыруға тиісті қаржы бөлініп, конкурстық негізде мердігер ретінде «ТЭСС-Проект» ЖШС таңдалды.

Қазіргі таңда компания құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісіп, белгіленген жоспарға сәйкес қажетті инфрақұрылымды орнатып жатыр. Нәтижесінде:

– 400 дана электр бағанасы (соқасы) орнатылады,

– 12 000 метр СИП (өздігінен оқшауланған сым) тартылмақ,

– 5 дана КТПНГ трансформаторы орнату көзделген.

Электр желілерін жаңғырту — ауыл халқын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары барысында барлық техникалық қауіпсіздік талаптары мен сапа стандарттары толық сақталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT