Мемлекеттік қызмет – бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.
Құрманғазы ауылдық округінде 2025 жылдың І тоқсанына 85 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар: «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы No301 бұйрығына сәйкес, "жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту", "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", «жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» , «кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» және жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік-өкімдік сипаттамасы бар және оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады, яғни мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз.
Мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту тек құқықтық- нормативтік құжаттарға өзгертулер енгізумен шектелмейді. Мұндағы басты міндеттің бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып саналады. Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады.
«Құрманғазы ауылдық округі әкімі апаратының» мемлекеттік мекемесі