Қазақстан Республикасы күніне және асылдар туған, шежіре тұнған құт мекен Құрманғазы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай «Құт дарыған Құрманғазым» атты салтанатты шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Серпер" газетінің тілшісі.
Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Абат Жанғалиев өлке тарихынан қысқаша сыр шертіп, бүгінгі жетістіктерімізді баяндай келе, құрманғазылықтарды айтулы мерейтоймен құттықтады. «Құрманғазы ауданының 95 жылдығы» мерекелік төсбелгісімен, аудан әкімінің, облыстық ұлттық спорт федерациясы президентінің алғыс хаттарымен бір топ атбегілер марапатталды.
Облыс әкімінің алғыс хаты, ауданның Құрмет грамотасы, аудан әкімінің алғыс хаты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан түрлі сала ардагерлері мен бүгінде жемісті еңбек етіп жатқан қызметкерлерге табысталды. Мерейтойға арналған төсбелгі облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ұлттық ат спорты түрлерінен жарысты ұйымдастыруға белсене атсалысқан демеушілер, жеке кәсіпкерлер, түрлі сала және еңбек ардагерлері, еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жүрген жерлестерге ұсынылды. Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева ауданның Құрметті азаматы атағымен білім, қаржы, медицина, ауыл шаруашылық, құқық қорғау саласының ардагерлері Ораз Ахмедияров, Абдрахим Абдуллин, Ержан Ғайнетов, Жексембай Нысанов, Әлімжан Жармұхамбетов, Талғат Сидық, Әділбек Ғалиденов, Елемес Рахметов және медицина ғылымдарының докторы Талапбек Әженов ұлығыланды.
Облыстық мәслихат депутаты Зәмзагұл Карсакова, облыстық мәслихат төрағасының Құттықтау хатын сала ардагерлері мен озаттарына ұсынса, "Светланд ойл" ЖШС басшысы Әбілхарес Жеңіс мекеме атынан алғыс хаты мен сыйлығын табыстады . Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы бас консулының кеңесшісі Бекжан Әліқұлов, Красноярь, Володар, Қарабали муниципалды ауданының басшылары Руслан Бисенов, Хамза Исмуханов, Павел Колесниковтің ақжарма тілектерімен жалғасын тапты. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.
Алдымен «Өнер мен дәулет қонған жер» атты театрландырылған хореографиялық қойылым тамашаланды. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің бір топ өнерпаздары Гүлзада Тілегенқызы, Толыбай Қажыгереев, Ерасыл Самиғоллаев, Айым Сатыбалды, Әмина Серікбай, Құралай Кудиярова, Заря Қуанышқызы, Раушан Сәрсенова, Жанболат Кенжеғалиев, Қадыржан Қапсихов, ат спорты жарысын ұйымдастырушылардың бірі Мейірман Құрманалиев, «Жиделі» фольклорлық ансамблі, «Қарлығаш» би тобы өз өнерлерін ортаға салып, шараның шырайын келтірді.
А.Шакупова