Құрманғазы ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді

фото: Құрманғазы Аудандық Әкімдігінен
(0 Votes)

Халықтың әлеуметтік тұрғыдағы мәселелерін талқылап, пысықтау негізінде бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Абат Жанғалиев азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, тұрғындардың толғандырған мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.

Сонымен қатар, жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлімнің жауапты басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Бұдан бөлек, тұрғын үй алу мәселесімен де жолыққан бірнеше тұрғынның сауалына орай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысына үй кезектілігіне қатысты түсінік беруді тапсырды.

Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері бойынша аудан әкімі орынбасарлары мен салалық бөлімдердің басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, оларды заң аясында шешуді міндеттеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT