"Құрманғазы су арнасы" ЖШС бас инженерi Бисембай Рамазанов:
-Бiрлiкте насостың электодвигателi жанып кетті. Қазіргi насостар компьютерлiк құрылғымен жұмыс жасайды. Оны тек IT маманы ғана оңдай алады. Сол маманды апардық, қарап жатыр. Бүгін бiтiрсе кешке су берудi бастаймыз. Жамбылға су Бiрлiктi бiтiргеннен кейін беріледі. Қолымыздан келгенше бүгiн бiтiруге жұмыстанып жатырмыз. Кеше кешкi 21:00-де Самаркинде жағадағы насостың автоматы өртеніп кетті. Оған ток жеке кәсіпкердің трансформатрынан тартылған. Әуелде солай келiciп қосқан. Трансформатрды өшiрiп жөндеу жасауға кәсiпкер шаруам тоқтап қалады деп рұқсат бермеді. Ортаға округ әкiмi А. Мусаны салып, көндірiп, бүгiн Самаркинге су бердiк. Кеше суды қосқанда Самаркин, Жұмекен, Орлы, Ақкөл ауылдарында жарық өшiп, ажыратқанда кері жанып берекетті алып тұрды. Бiздегi насостардың көбi ескi. Сол себептен жанып кетеді ғой. Оның үстіне жазда ауыз суды тұтыну мөлшері көбейеді. "Егiнiмiз қурайтын болды", деп тұрғындар телефон соғып, ренiштерiн бiлдiредi. Ауыз сумен егін суарып отыр. Жыл сайын жазда осы мәселе алдымыздан шығады. Шыны керек бiз қазiр аудан тұрғындарының егiнiн суаратын мекемеге айналып барамыз. Жазғы су құбырын тартпаса бұл мәселе шешілмейді. Аудан әкімінің орынбасары келiп кетті, орын алған жағдайдан хабардар.