Бүгінде Құрманғазы ауданы көлемінде су басу қауіпі жоғары округтер қатарына Шортанбай, Дыңғызыл және Көптоғай ауылдары енгізілген, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған ауылдық округтерде өткен жылы көктемгі су тасқынына қарсы жаға бекітуге арналған бөгет құрылысы бастау алған болатын.
Жоба бойынша барлығы 9,1 км геошпунт қағу мен топырақ көтеру жұмыстары қаралған. Оның ішінде 7,5 км топырақ көтеру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда жағалауларды қорғау үшін дамба құрылысын жүргізуші мердігер мекеме Дыңғызыл ауылында жұмыстың 90 пайызын, Көптоғайда 70 пайызын, Шортанбай ауылында 40 пайызын аяқтауда.
Жауапты мердігер мекеме «TOLAGAI-2050» ЖШС болып табылады. Өндірістік кестеге сәйкес құрылыс 15 айға жоспарланған.
Тасқын суларынан қорғалуы тиіс бөгеттердің жалпы ұзындығы 9,1 км құрайды.
Аудан әкімі А.Жангалиев мердігер мекеме өкілдерімен бөгеттерді аралап, құрылыс барысында қай тұстарына көбірек көңіл бөлу қажеттігін көрсетті.
Нысан басында 12 арнайы техника, 24 жұмысшы жұмылдырылған.