Аудан үшін су басу қауіпі бар аумақтарда судан қорғану жұмыстары тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс бөгеттерін жөндеу, канал сағалары ашу, жаңа бөгеттер салу күнделікті іске асырылуда. Ауданда ауылдық округтердің жаға бекіту жұмыстарына 48 техника, 30 қызметкер, 1090 ерікті, ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдары жұмылдырылуда.
Қазіргі уақытта жаға бекіту бойынша жалпы ұзындығы 3,1 км бөгеттерге 7 100( 50кг), 36 (1 тонна) қапшықтар салынып шықты. Бөгеттерді бекіту жұмыстарын жүргізу үшін 224 рейс жасалып, 4400 тонна топырақ төгілді.
Еске сала кетсек, мәлімет күнделікті атқарылған жұмыстарға орай өзгеріп тұрады. Ауданда жаға бекіту жұмыстары жалғаса бермек.