Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылында заманауи спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі таңда барлық жұмыс жоспарға сай атқарылып жатыр. Спорт кешенін 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделген.
- Бұл нысан өңір халқының салауатты өмір салтын ұстануына және бұқаралық спортты дамытуға оң ықпал етпек. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айында басталды. Жоба бойынша мердігер мекеме – “БатысСтройСервис Атырау” ЖШС. Ал жобаның тапсырыс берушісі – Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі,- деді Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов.
Мамандардың айтуынша, жаңа кешен ауыл тұрғындары үшін түрлі спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беріп, жасөспірімдердің тұрақты дене шынықтыруына ықпал етпек.