Құрманғазы ауданында үш медициналық пункт ашылды

(0 Votes)

Бүгін Құрманғазы ауданының Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Шағырлы, Орлы ауылдық округіне қарасты Алтыншы, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Кадырка ауылында заманауи медициналық  пункт ашылып, тұрғындар игілігіне берілді.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысты. Бұл медициналық нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда.

  • Жаңа жыл қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық жердегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі бастамаларын сапалы әрі уақтылы іске асыруымыз керек. Президенттің тапсырмасына сәйкес екі жылда Атырау облысында 18 медициналық нысанның құрылысын аяқтауымыз қажет. Биыл соның үшеуі жоспарланған. Бүгін сол ұлттық жоба орындалысының нәтижесін көріп, медициналық пункттердің ашылу салтанатында тұрмыз. Енді ауыл тұрғындары аудан орталығына шапқыламай, осы жерден қажетті ем-домын ала алады. Нысан салынғанымен, мұнда ақ халатты абзал жандарды жұмысқа тарту өте өзекті. Сапалы кадрларды тарту мақсатында осыған дейін біз ауылдық жерде қызмет етемін деген дәрігерлерге 5 млн. теңге көлемінде бір реттік көтерме ақы берсек, келер жылы бұл соманы 10 млн-ға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз, - деді Қайрат Талапұлы.

Шағырлы және Алтыншы ауылдарындағы нысанның құрылысын «Батыс Строй Сервис Атырау» ЖШС жүргізсе, Кадырка ауылына қарасты медициналық пунктті «Декор» ЖШС салды. Үш ғимарат фельдшер, егу бөлмелері, акушер және дәрігер, процедуралық бөлмемен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жуыну бөлмесі бар.

Айнагүл Шакупова  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT