Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысын оның төрағасы Амангелді Мұратов жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар туралы» аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы баяндап, проблемалық түйткілдерін де назардан тыс қалдырмады.
Хабарлама негізінде комиссия төрағасы Амангелді Мұратов сұрағын қойып, өткір мәселелерді талқыға алды. Комиссия мүшесі Зәмзагүл Карсакова тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша полиция бөлімі тарапынан жасалған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы уақытта округ әкімі, қоғамдық ұйымдармен бұл жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Келесі кезекте аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова кеңестің 2024 жылы атқарылған шараларының қорытындысына тоқталса, аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова «Отбасылық және гендерлік саясат мәселелері бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланымдар», жастар ресурстық орталығының басшысы Аян Жексенбай «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту, ажырасудың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» туралы хабарлама жасады.
Күн тәртібіне сай Бөкейхан, Нұржау ауылдық округтерінің әкімдері Жүсіп Төреғалиев, Мұрабек Мұғалім «Округ бойынша қоғамдық ұйымдардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстары» жөнінде таныстырды.
Комиссия отырысын оның төрағасы Амангелді Мұратов қорытындылап, көтерілген тақырыптардың өзектілігіне тоқталып, айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, оны жұмыс барысында шешу жүзеге асатынын қаперге берді.
Айнагүл Күнұзаққызы