Ағымдағы жылдың 1 ақпан және 28 ақпан аралығында «Браконьер» өңірлік жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Мәселен, "Браконьер" өңірлік жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында көлік құралын тексеру, заңсыз атыс, суық қару, оқ дәрілер, заңсыз балық қорымен айналысу фактілеріне басымдық беріледі.
Іс-шара барасында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан тұрғындарына түсінік танытып, заң бұзушылық жасамау жөнінде ескертіледі.
Е.Б.Гайнетов,
Құрманғазы АПБ-і ЖПҚБ бастығы полиция майоры