Құрманғазы ауданы медицина қызметкерлері үшін 4-5 қараша күндері Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы қолдауымен, «Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу институты» мамандарының қатысуымен Астана қаласынан медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері, Қазақ анестезиолог-реаниматолог қоғамдастығының басқарма төрағасы Агзам Шаймарданұлы Жұмаділов келді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауданымызда өткізіліп жатқан кең көлемді шеберлік сағатына аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы қатысып, бұндай оқудың ауданда өтуіне қолдау білдірген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына ризашылығын білдіріп, Агзам Шаймарданұлына алғыс хат табыстады.
Профессор аудан мамандарына ана мен бала денсаулығына, нейрореанимация және түрлі аурулардың алдын алу мақсатында кәсіби түрде шеберлік сағатын өткізуде.
Екі күнге созылған шеберлік сағатына барлық медицина саласының мамандары қатысып, білім мен тәжірибе жинақтауда.