Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібі негізінде Булеков Қайрат Қуандықұлы тағайындалды.

Булеков Қайрат Қуандықұлы 1989 жылы 7 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

2010 жылы Халел Досмухамедов атындағы мемлекеттік университетін «Мемлекеттік жене жергілікті басқару» мамандығы;

2016 жылы Орал қаласындағы  Қазақстан  инновациялық және телекоммуникациялық
жүйелерін университетін «Құқық»
мамандығы бойынша тамамдаған.

2010 жылы «Атырау облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Nº1 қала  филиалында
инспектор болып, еңбек жолын бастаған.

2011-2012 Атырау облысының халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор,
филиал жетекшісінің міндетін атқарушы қызметін атқарған;
2012-2018 жылдары «Атырау облысының халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы 
аудандық филиалында басшылық қызмет  атқарған;
2018-2019 жылдары Атырау қаласындағы  Халыққа қызмет көрсету мамандандырылған бөлімінің басшысы;
2019-2020 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» акционерлік қоғаммен  жер қатынастары және жылжымайтын мүлік бойынша Құрманғазы  аудандық бөлімінің басшысы;
2020-2021 жылдары Көптоғай ауылдық округінің әкімі қызметінде болған.
2021 жылдан бастап Құрманғазы  ауданы әкімі  аппаратының басшысы қызметін атқарып  келген.
Отбасылы

Бұған дейін аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған Қайрат Қуандықұлын аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы активте таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Академик Өмірзақ Қажымғалиев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талғат Жаудин сөз алып, бұл лауазымға жергілікті кадрдың таңдалғанын құптап, Қайрат Қуандықұлының осыған дейін атқарған қызметтеріндегі жетістіктерін де атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT