Құрманғазы ауданы әкімінің бас инспекторы тағайындалды

(0 Votes)
Құрманғазы ауданы әкімінің бас инспекторы бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс комиссиясының шешімі негізінде, 2024 жылғы 23 қыркүйектен бастап Сиражев Руслан Қибатоллаұлы Құрманғазы ауданы әкімінің бас инспекторы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
 
Сиражев Руслан Қибатоллаұлы 1978 жылы 15 сәуірде Ганюшкино селосынды дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары.
 
2000 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық университетін «Жылу және атом электростанция құрылысы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Орталық Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 
2003 жылы Құрманғазы көші-қон полиция бөлімінде іс жүргізуші болып еңбек жолын бастаған.
 
2006-2008 жылдары Әділет басқармасының Құрманғазы аудандық бөлімінде іс жүргізуші болған;
 
2008 жылдан бастап аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарып келген.
 
Отбасылы, 4 баласы бар.
 
Жаңадан тағайындалған лауазым иесін аудан әкімі Абат Жанғалиев аудан активінде таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT