2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Құрманғазы аудан әкімдігіне қарасты аудан әкімінің аппараты, 19 ауылдық округ әкімінің аппараты және 7 дербес бөлім бар.
Штат саны 179 құрайды. Бос орындар саны 16 (тұрақты 9, уақытша 7).
Жас ерекшеліктері бойынша 23 жасқа дейін-4, 23-29 жас аралығында-21, 30-39 жас аралығынды-70, 40-49 жас аралығында-42, 50 жастан жоғары-33 қызметші бар.
Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің ішінде ерлер 91 ( 54%), әйелдер саны 79 (46%).
170 мемлекеттік қызметшінің ішінде кәсіптік техникалық білімі бар 15, жоғары білімі бар 155, оның ішінде магистратура бітірген 5.
2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын 2 мемлекеттік қызметші бітірді.
2023 жылы ішкі және жалпы конкурстар нәтижесімен 30 азамат тағайындалды. Оның ішінде мемекеттік қызметке 10 адам алғаш қабылданды.
Жоғарғы оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған 1 түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалды.
Ауданда меритократия қағидатының негізінде мансаптық өсу мүмкіндігі күшейтілуде және мемлекеттік қызметке іріктеу сапасын жоғарылатуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. 2023 жылы 10 мемлекеттік қызметшінің лауазымы жоғарылады.
Мериократия қағидасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген 1 түлек басшылық лауазымға конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы (мемлекеттік жүйеден кетуі) 1 адамды құрады.
2023 жылы 120 маман оқудан өтті. Атап айтқанда басшы лауазымға алғаш тағайындалғандарға арналған қайта даярлау курсынан 1, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарға арналған қайта даярлау курсынан 14 өтті, 105 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру семинарынан өтті (жоспарлы түрде 70, жоспардан тыс 35).
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының
персоналды басқарудың бірыңғай қызметі