Құрманғазы аудандық музейінде көрме ұйымдастырылды

(0 Votes)

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Құрманғазы аудандық бөлімшесінде «Туады ерлер ел үшін» атты көрме ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміз Смағұл Көшекбаев, Кеңес Одағының батыры Александр Афанасьев, «Даңқ» орденінің толық иегері Ғизат Әліповтің жәдігерлері қойылған көрмені мектеп оқушылары мен ұстаздар  тамашалады. 

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Құрманғазы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Жазира Хайрошева бізбен әңгімесінде:

– Ауданымыздан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары, «Даңқ» орденінің толық иегері Ғизат Әліповтің туғанына – 100, Смағұл Көшекбаевтың туғанына – 120, Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьевтің туғанына – 110 жыл толуына орай осы көрмемізді ұйымдастырып жатырмыз. Аудан көлемінде өтпесе де алдымызға музейімізде оларды мектеп оқушыларына кеңірек таныстырайық, соғыс ардагерлерін біліп жүрсін, бойларында ұлттық патриоттық сезімдері оянсын деген мақсат  қойдық. Бұл көрмеге Смағұл Көшекбаевтың тұтынған заттары, сонымен қатар, өнер жолынан хабар беретін фотосуреттері, Александр Афанасьевтің ұстаған бұйымдары, үшбу хаттары, батырдың мектеп алдындағы мүсінінің ашылу салтанатындағы суреттер, соғыс кезінде қолданылған  ППШ автоматы, Ғизат Әліповтің медальдары, қолсағаты, Атырау қаласында жасалған мүсіні қойылған,– деді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT