Көрікті мекенге көркем атау қажет

фото: редакция қорынан
(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың ХІІ сессиясының күн тәртібіне 12 мәселе қойылды. 2024-2026 жылдарға арналан аудан бюджетін және ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нурия Баймұханованың екі бірдей хабарламасы тыңдалды.

Алдағы үш жылды қамтитын бюджет мәселесіне орай депутаттар Ерлан Хисметуллин, Есболат Құбашев, Нариман Хайрошов ауылішілік және кірме жолдарға қаражат бөлінудің жай-жапсары, аппатық үйлер тұрғындары үшін баспана салу туралы сауалдарын қойды. Олардың сөздерінше кейбір округтерде автожол салу көптен шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе екенін айтып, қаражатты алдыңғы кезекте сондай ауылдарға бөлдіруді өтініш етті. Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шынболат Мусин, аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Ренат Нұғыманов түсіндірмелік жауаптарын берді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева аудан көлеміндегі мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы тамақтануды ұйымдастыру туралы хабардар етті. Мәселе бойынша аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық пен құқық және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ерлан Хисметуллин қосымша баяндама жасады.

Аудандық мәслихаттың мәслихаттың 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №41-VІІІ «Сафонов ауылдық округін «Ынтымақ» ауылдық округі және Сафоновка ауылын «Ынтымақ» ауылы деп қайта атау туралы» шешімін қолданыстан жою бойынша аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова хабарлама жасап, облыстық ономастикалық комиссия Қиғаш өзенін жағалай қонған ауылдың әсем табиғатына байланысты өзгеше атау беру туралы ұсыныспен кері қайтарлғанын қаперге берді. Сафон ауылдық округі әкімі Роза Қамзаева көрікті мекенге «Орманды» немесе «Тоғайлы» атауларын беру туралы жергілікті қоғамдастық жиналысынының ортақ шешімі кезінде аудандық мәслихаттан қолдау таппай осы «Ынтымақ» атауын беруге шешім шығарғандарын еске салды.

Сессияда бұдан басқа аудандық мәслихат аппараты құрылымын бекіту, оны ұстауға, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы мәселелер қаралды.

Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева және тұрақты комиссия төрағалары 2023 жыл ішінде атқарған жұмыстарынан есеп берді. Сессия жұмысына аудан әкімі Абат Жанғалиев қатысып отырды.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT