Кредит және ұлттық қор орынды ескерілген

(0 Votes)

Президенттің жаңа Жолдауымен мұқият оқып, түгел дерлік танысып шықтым. Барлық елдестер сияқты оның осы қалай дейтін әлсіз тұстарын көріп отырғаным жоқ.

Пікір айтушылар өз ойларымен орынды бөлісуде. Кредитке қатысты: «Экономикамыздың өте түйткілді мәселелерінің бірі – кредит беру көлемінің жеткіліксіздігі. Соңғы бес жыл ішінде заңды тұлғаларға, сондай ақ шағын және орта бизнеске берілген кредиттің жалпы көлемі 13 пайыздан аса қысқарған. Екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылар ішінде сенімділерінің аз екенін сылтауратып, кредит қаражатының құнын шамадан тыс арттырып жібереді... Тағы бір мәселе – халықтың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтардың тым көп несие алуы. Мұның өзі шаралар қабылдауға алып келді. Сіздер бұл жөнінде білесіздер». Дұрыс айтылып отыр деуге келеді. Қолында мал-мүлкі бар, қайтаруға қауқарлы шаруа иелері, кәсіпкерлердің жұмысын одан әрі өрге бастырулары үшін өзіне қажетті қаржысын (кредит) ала алмай сан айлар бойы соның соңында салпылдап жүретінін көз көріп жүр. Банкілердің айтар сылтаулары көп, кепілдікке қойылған нәрселеріне көңілдері тоймай, әйтеуір бермеудің амалын қарастырып жатады. Ал, сөйткен, дұрысы қызғыштай қорыған кредитті төлем қабілеті жоқ біреулер алып алып, мерзімі келгенде басын тауға ұрып, тасқа соғып жатады. Олардың кепілдікке нені қойып, қалай алатыны түсініксіз. Қарызын төлей алмай мойнына тұзақ салғандар, шаңырағы ортасына түскендер, қашып-пысып жүргендер жоқ деп бүгін ешкім айта алмаса керек. Сондықтан бұл толғағы жеткен мәселені үкімет өткеннің сабағынан қорытынды шығара отырып, нақтылы бір шешімге келуі керек. Елде болса ерініңе тиеді дегендей, күні кешелерден бастап, кредитін төлей алмай жүргендерге кешірім жасалып, немесе пайыздық мөлшерін төмендетіп, айтарлықтай үлкен көмек жасалуда. Бергенді берді деп айтып, бұл жақсылықтың қадірін сезіне білуге тиіспіз.

Ұлттық қор мәселесіндегі «Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет. Бұл – келешек ұрпақтың қаржысы» делінуі де Президент тарапынан әкелік қамқорлық. Біз төрт түлік мал ұстай тұрсақ та, әжелеріміз қонақ келіп қалсап, ертеңгі күніміз не болар деп, кебеженің түбіне сүр, сары май сақтап келген, ертеңін ойлаған халықтың ұрпағымыз. Қиналғанда, шұғыл қажет кезде Ұлттық қорды «өзімдікі ғой», деп жаратып келдік. Жер асты байлығын азайтып, шет елдерге берешегіміз көбейіп тұрғанда Ұлттық қорды «ертеңдікі» деп сақтануымыз дұрыс мәселе.

Т.Тасмұханов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT