ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің мазмұнына баға беру бойынша пікір білдіру

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды, себебі, ол тікелей адамдармен жұмыс істейді және әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы мәдениеттің үздік үлгісіне айналуы керек, себебі мемлекеттік қызметші – биліктің айнасы.

Негізі Әдеп кодексінде атап көрсетілген барлық қағидаларды мемлекеттік қызметшілер орындауы тиіс және барлық уақытта бұл ереже естерінен шықпауы тиіс. Әдеп Кодексінде мемлекеттік қызметшінің не істеуі қажеттілігіне дейін атап көрсетілген.

Бұл нақты айтқанда, мемлекеттік қызметте отырған адамның Конституциядан кейінгі басты құжатының бірі болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер азаматтармен және ұжыммен қарым-қатынас кезінде сыпайы болуға тиіс. Өз кезегінде, халықпен өзара іс-қимылдың негізгі көрсеткіші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады.

Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар ретінде халықтың қажеттіліктеріне бағдарлану қажет. Еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, елге адал, абыройлы қызмет ету баршамыздың қасиетті борышымыз.

Мұхитов Мұратбек Асқарұлы,

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT