Көптоғай ауылында келіндер сайысы өтті

(0 Votes)

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Көптоғай" БПҰ-на ұйымдастыруымен "Ұлттық мұра" жобасы аясында “Келіні жақсының- керегесі алтын” атты келіндер сайысы өтті. 

Шаранын мақсаты ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірде деген маңыздылығын ұғындыру.  

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендігін көрсетті. 

Шара барысында қатысушы сайыскерлерге округ әкімнің және “Көркем-ай” Аналар кеңесінің төрайымның құттықтау хаты табыс етілді.

Шара ауыл өнерпаздарының ән шашуына жалғасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT