Қош келдің,әз Наурыз!

(0 Votes)

Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатында "Біртұтас тәрбие' бағдарлама аясында ұжым арасында "Қош келдің, әз-Наурыз" атты мерекелік шара өтті. Шараға мектеп қызметкерлері, ұстаздар қатысты.

Мерекелік шараның ашылуында мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Жанибек Айбулатұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды мерекемен құттықтады. Шара сайыс түрінде өтті. Ұжым мүшелері сайыс бағдарламасына сай ұлттық құндылықтарды насихаттады.

Сайысқа мектеп басшысы Жанибек Айбулатұлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нургул Сатыбалдвқызы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсемгул Сағатқызы төрелік етті.Кәсіподақ атынан мерейтой иегерлерін құттықтап, арнайы сыйлық табысталды. Шараны мектеп тәлімгері Н.Ахметова жүргізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT